Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау.
Оқушыларды табиғатты аялауға баулу мақсатында 2 "Е" сынып жетекшісі Абдижапбарова Гүлзияш "Бүгіннен баста" тақырыбында сыныптан тыс эко сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар "экология" термині туралы , табиғатты аялаудың және қорғаудың маңыздылығы туралы толық түсінік алды.