Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында қашықтан білім алып жатқан сыныптың қыздарына мектеп медбикесі А.Килыбаева №18 емхананың психологы Г.П.Долженко және акушер-гинекологы А.Б.Агламовамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тазалық, инабаттылық, қыздар гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның кері әсері тақырыптары төңірегінде ашық әңгіме өрбітіп, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Келген мамандарымыз тақырып төңірегінде дәріс оқып, оқушыларға сауалнама таратты. Сауалнама нәтижесінде туындаған сұрақтар ортаға салынып, талқыланды. Жиналыс барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, офлайн жүргізілі.