Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының Ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Сматова Рабиға 3 "Е" сыныбымен "Exploring space" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында ғарыш әлемі, планеталар және ғарыш кемелері жайлы толыққанды ақпарат берілді. Оқушылар белсенді түрде тапсырмалар мен жаттығуларды орындап, қызықты видеоларды тамашалады. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.