Quantcast
Channel: №176 мектеп-гимназиясы
Viewing all articles
Browse latest Browse all 490

"Антикор лайф"жобасы

$
0
0






1 жылдың 1 сәуірінде Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясының директоры Аденова Гүлбағда Есейханқызы Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінде "Антикор лайф" жобасының қонағы болып, мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады. Кездесу барысында мектеп туралы қысқаша мәлімет бере отырып, мектеп қабырғасында құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстарымен, жиі кездесетін мәселелерге байланысты атқарылып жатқан іс-шараларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, мектеп-гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның "Жемқорлық – мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздікке қатер келтіреді" деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушылармен, ата-аналармен ашық байланыс орнату үшін мектеп қабырғасында «Сенім жәшігі» орнатылғанын және әлеуметтік желілерде «Сенім телефондары» көрсетілгенін айтып өтті.

https://www.facebook.com/almatyanticorruption/videos/1410100429348917/


Viewing all articles
Browse latest Browse all 490